БҰЗАУ

lat: BUZAÝ

Сиырдың алты айға толмаған жас төлі. Бұзау жынысына қарай еркек, ұрғашы, санына қарай егіз (бір енеден екі бұзау туса), жалқы (бір енеден дара бұзау туса) деп екіге бөлінеді. Сондай-ақ қазақ бұзауды мінезіне қарай (жебір бұзау, түртіншек бұзау, тіленшек бұзау, заржақ бұзау, жанасқыш бұзау); күтімінің нашарлығына қарай (маубас бұзау, қауға бұзау, жетім бұзау), қолда ұстау әдісіне қарай (сіргелі бұзау, марқа бұзау, дүбәра бұзау, арамза бұзау) деп әр түрлі атаған. Бұзауды 6 айға толған соң енесінен айырып бөлек бағады.