lat: BYLǴARY
аң, мал терілерін илеу арқылы өңделіп алынатын бұйым. Жүні қырқылып, өңдеудің барлық түрлерінен өткен, боялмаған жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі, т.б. терілері ақ тауар болып табылады. Мамық жүнді аң терілері жағалы киімге және әйелдерге арналғантондар тігуге, тон, ішік жағасына ұстауға пайдаланылады. Дайын былғары бұйымның бетіне ою-өрнек элементтерін салу және оларды бекітудің өзіндік техникасы болады. Былғары мен теріні қиюластырып өрнектеудің бірнеше түрі бар: былғары мен былғарыны, былғары мен теріні, тері мен былғары қиюластыра отырып өрнектейді. Бұйымның негізі және өрнектеуге арналған аппликациялық детальдары әртүрлі түске боялған былғары мен тері бөлшектері ретінде таңдалып алынады. Дайындап алынған өнім арнайы пішілген бұйымның негізіне желімдеу және тігу арқылы бекітіледі. Жиектері әдейі сәндік тігістермен тігіледі. Өрнектеу үшін бұғының қылы, тері қиындылары, жіп түрлері мен моншақтар пайдаланылады. Былғарыны емшілікке де пайдаланған: ішкі бетіндегі жұмсақ ұлпа қабатын сыдырып алып, қанап тұрған жерге жапсырып, аққан қанды тоқтатқан.