БЫЛҒАРЫ

lat: BYLǴARY

Фабрика жағдайында өңделген тері, мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерия, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі үш қабаттан шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш-ұйқыштанып тығыз байланысқан каллогенді талшықтардан құралады. Құрылым ерекшелігіне қарай өзеңнің өзі екі қабатқа бөлінеді: үстіңгі және торлы қабат. Үстіңгі қабат жүн талшықтарының ұшы орналасатын бос қуыстардан, теріден, және май бездері мен қан тамырларынан тұрады. Бұлардың арасындағы кеңістік саңылаулары теріні илейтін химиялық құраммен бітеледі де, былғарының сыртқы өңін құрайды. Малдың тұқымы мен күтіміне қарай былғарының өңі де, құрылымы да әртүрлі болады. Өзеңнің торлы қабаты терінің ең тығыз байланысқан қабаты болып саналады. Top қабаттың қалыңдығы мал тұқымы мен оның жасына және талшықтардың тығыздығына байланысты. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машинка арқылы оп-оңай ажыратылады. Мұның соңында «шелдеу» машинкасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат «көн» деп аталады. Кандегі сілті және басқа қосылыстар кептіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғапдан арытылған соң, қапыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сортталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу тәсілдерімен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пүшпақтары кесіледі, престеледі және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: 1. Аяқ киімдік былғары. 2. Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары. 3. Сырт киімдік және галантериялық былғары. 4. Техникалық былғары.