Баяу балқитын қорытпалар.

lat: Baıaý balqıtyn qorytpalar.

к ө н. Темiрдің балқу температурасынан (1539 о С) жоғары температурада балқитын қорытпалар.

Баяу балқитын қорытпалар негізгі титан, тантал, ванадий, хром, цирконий, ниобий, молибден, вольфрам сияқты баяу балқитын металдар немесе олардың металл емес элементтермен қосылысынан құралады (ҚҰЭ).

Қазақстанда Баяу балқитын қорытпаларды зерттеумен металлургия және кен байыту институты айналысады (ҚҰЭ).