БАЯНДАУШЫ БЕЙНЕСІ

lat: BaıandaýSHY BEINESİ

әдеби шығармада оқиғаны әңгімелеп айтушы, сол оқиғаға қалайда қатысы бар, болған жағдайларда өз көзімен көргең адамның тұлғасы. Баяндаушы шығарманың басты кейіпкер болуы сирек кездеседі, бірақ қалайда айтылатын жайларды білген көрген, басы қасында болған адам ретінде көрінеді. Автордың оқиғаны тікелей өз атынан айтпай басқа біреулердің көзімен қарап, соған айтқызуы, өмір шындығын соның ой-елегінен өткізіп, ойлау-сезіну тұрғысынан көрсетуі бұл өзінше бір көркемдік тәсіл. Кейіпкер тұлғасының өзгешелігі бұл басқа кейіпкерлердей оқиға қатысы арқылы ғана емес, көбінесе, соны өзінің баяндауында қалай ұғым-түсінік, қандай әсермен, қандай сөздермен жеткізіп беру арқылы да танылады. Айтылатын оқиғаның қай қырынан көрінетіні, қандай сипат алатыны, қандайлық сезім-әсерлермен жалғасып келетіні, әрипе, баяндаушының жан-дүниесінің байлығына, нәзіктілігіне байланысты. Баяндаушының сөздері басқа кейіпкерлердің сөзін толықтыра түседі. Алайда баяндаушының сөзі олардың сөзінен әлде қайда мол. Ол шығарма ішіндегі көптеген жағдайларды сипаттап береді. Оқиға барысында көп жай сол баяндаушы аузымен әңгімеленеді. Сөйтіп оқырманның шығарма мазмұны туралы ұғымын кеңейте түседі. Баяндаушы сондай-ақ шығармадағы оқиғаға өзінің көзқарасын, бағасын да білдіріп отырады. Мысалы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» атты әңгімесінде оқиға Шұғаны көрген, оның сүйікті жары Абдрахманға еріп жүргең Қасымның аузымен баяндалады. Оқырман әңгімелеген жай-жағдайды, Шұғаның махаббатын, қайғылы өлімін сол ай- тушының бейнелеп жеткізуі, «Ой, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау» деп күңіреңген көңіл күйін сезіну арқылы елестетеді. Ахметов 3.