А.Байтұрсынұлы енгізген термин. Мұны баяншы мүше деп көрсетеді де, ықшамдық үшін баяндауыш аталымын пайда ланады. Бастауыштың «сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын» білдіретін сөздер ретінде белгіленеді. Бұл – «ішкі белгісі». Сыртқы бел гісіне, негізінен, мына сұрақтарға жауап беруі жатқызылады: не етпек? не қылмақ? қайтпек? не болмақ? нешік? немене? қалай?, кімдікі? қайсы? ненікі? Баяндауыш болатын сөз таптары на етістік, есімше, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік жатқызылады жəне көмекші етістіктерді тіркестірген еліктеуіш (бұл «Тіл-құралда» «одағай» деп аталған) жəне басқа сөздер арқылы, «бүтін сөйлем» арқылы күрделі баяндауыштың жасалатыны көрсетіледі. Ғалым «етістік жүрме ген жерде баяндауыш болмайды» деп есептейді. Етістіктен басқа сөз таптарынан жасалған баян дауыштарда етістік жасырын қатысып тұратыны Ағаш көркі – жапырақ. Адам көркі – шүберек де ген сияқты сөйлемдерді толық айтқанда Ағаш көркі жапырақ болады. Адам көркі шүберек болады деп айтылатынын дəлел етеді.