Байес тепе-теңдігі

lat: Baıes tepe-teńdigi

(Bayesian equilibrium) екі не одан көп мемлекеттің әрекеттерін ойын теориясы шарттарына сай модельге салып талдау кезінде қолданылатын термин. Шешім қабылдауға қажетті толық ақпарат болмаған ойында (Байес ойыны), тепе-теңдік жағдайында әрбір ойыншы қарсы тараптың ойын стратегиясын ескеріп (әрекет ықтималдығына қатысты болжам жасап), ойынның әр кезеңінде мүмкіндігінше көп пайда табуға (ұтыс алуға) бағытталған стратегияны айқындайды. Ойыншы дұрыс қадамға барумен бірге, дұрыс қорытынды да жасай білуге тиіс. Бұл тепе-теңдік типі Байес тепе-теңдігі деген атпен белгілі.