әскерлерге басшылық ету мақсатымен, соғыс қимылдарының барлық түрлерінде байланысты жүзеге асыратын және оның үздіксіздігін қамтамасыз ететін арнаулы әскерлер түрі. Байланыс әскерлері майдаңдық, әскери және армиялық бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Байланыс әскерлері радиомен, телефон, телеграфпен, радиорелелі, жүйелік-кабельдік және жылжымалы (ұшақ, тікұшақ, автомобиль, мотоцикл) құралдармен жабдықталады. Радио байланыстың шалғайға берілуіне және өткізу қабілетінің артуына қарай, ультрақысқа толқыңды радио және радиорелелі байланыс түрлері қолданылады, соңдай-ақ жер серіктері арқылы байланыс жасау мүмкіңдігі де артты. Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасыңда берік және тұрақты байланысты қамтамасыз етеді, бейбіт кезде және соғыс тұсыңда оны ойдағыдай қамтамасыз етеді. ҚР Қарулы Күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақында және ұзақ қашықтықты үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін ғылымның және техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген радио және радиорелелік және желілік құралдарды пайдаланады.