әскери байланыс командирдің шешімімен, штаб бастығының нұсқауымен, жоғары штабтың байланыс жөніндегі жарлығымен бөлімдердің алдына қойылған мақсаттарға байланысгы ұрыстың ақырына дейін ұйымдастырылады. Әскери байланыста ультрақысқа толқынды, ұзын толқынды радиостанциялар және көп арналы радио, радиорелелік, жер астынан жүргізілген кабельдер қолданылады.