Байрақ

lat: Baıraq

1. Ту, жалау.

«Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсем, Қозып кетер қайдағым.» «Байрақты жүре алдырған, бастай қуып шалдырған.» (Шалкиіз жырау)

2. Шұрат, сулы, шүйгін алқап.

«Байраққа біткен құрақпын.» (Ақтамберді жырау)

3. Ерекше белгі, алабажақ, алабайрақ.

«Бәйгенің керешісі қойған Ат мінді Көбеген би ала байрақ(Н.Мыңжанұлы)