Қараман шықты қаладан Кернейлері бақылдап, Байрақтай тулар көтерген («Қамбар батыр»). Желбіреп қызыл байрақ желпінген күн, Қуаныш еңбекші елге келтірген күн (Б. Кәрібаев). Бұл — түркі сөзі. Көне тұлғасы — батрақ; мағынасы — әскер ұрыста өзін белгілі қылу үшін ұстайтын, ұшына ерекше жібек ілінген ағаш (МК. II. 432). (қара: батрақ). Қазақ тілінде бұл сөз т дыбысының й-ға алмасуы арқылы батрақ - байрақ болып өзгерген тәрізді. Көне түркі тілдерінде д және й дыбыстарының алмасатыны бұрыннан белгілі (салыстыр: адрул~айрул) (А. Мах.)