Баға масштабы

lat: Baǵa masshtaby.

э к о н. Белгілі бір елде ақша бірлігі ретінде қабылданған металдың (алтын немесе күміс) салмақтық өлшемі. Баға масштабы бүкіл тауар бағасын өлшеуге және көрсетуге қызмет етеді (ҚСЭ). Алғашында баға масштабы салмақ масштабымен пара-пар болған (ҚҰЭ).