Жануарлардың жаңарушы ұлпаларындағы (қан түзуші, лимфоидты, эпидермис, асқорыту жолдарының жабындысы) ата текті клеткалар. Маманданған клеткалардың табиғи жастық немесе физиологиялық өлімдерінен кейін қайта қалпына келуді бағана клеткалары дифференциация жəне көбею арқылы жүзеге асырады. Бағана клеткалары əрбір ұлпа түрлері үшін дербес, дара болып келеді, бірақ одан тыс əртүрлі бағытта дамуы (олар тотипотентті) мүмкін, мысалы, сүтқоректілердің қан түзуші ұлпаларынан эритроциттер, лейкоциттер, мегакариоциттер дифференциацияланады. Бағана клеткалары бөлінгеннен кейін бір клеткасы баған желісінде қалса, екіншісі дифференциацияланып, маманданған клеткаларға айналады.