("Қақпа”), Саййд Әли Мұхаммед Ширази – баб ілімі негізін қалаушы, Ирандағы діни және әлеуметтік-саяси қозғалыс жетекшілерінің бірі. 1819 ж. 20,10 (немесе 1820 ж. 9.10) Ширазда саудагер шаңырағында дүниеге келді. Жас кезінде Кербел мен Неджефке қажылық жасаған, ол мұнан былайғы дүниетанымын айқындаған шейхышылар (аш-шайхийа) ілімімен танысады. 1844 ж. 23 мамырда өзін Баб, яғни “құпия имам" арқылы өтіп, өзінің еркін халқына білдіретін “қақпа” деп жариялады: арада үш жыл уақыт өткенде ол өзін Мұхаммедтің орнына келген жаңа пайғамбармын деп, Байан деген шығармасын Құранның орнына жүретін қасиетті жаңа жазба деп мәлімдеді. 1847 ж. тұтқындалыл, Маку қамалында, кейін Чехрикте қамауда болды. 1847 ж. 9 шілдеде Бабшылар көтерілісі кезінде Тебризде дарға асылды. Өзінің ілімін баб Байан атты туындысында, ад-Да-лаил саба, Китаб ар-рух және басқа шығармаларында дамытқан.