Бактериологиялық бұлт

lat: Bakterıologıalyq bult

бактериологиялық қару жарылғанда өте ұсақ бөлшектерден құралған бактериологиялық бұлт пайда болады. Бактериологиялық бұлт жерді, суды, азық-түлікті улап, ұзақ уақыт бойы орман, жыра, ойпаттарда сақталады. Ауру жұқтырғыш бактериялар шаңмен бірге көтеріліп, арнаулы киім-кешексіз, баспанасыз әскерлерді улайды. Бактериологиялық қаруға инфекциялық ауруларды таратушылар: шыбын, кене, бит, бүрге, маса пайдаланылады. Бұлар өте тез өседі және өз бойында ауру таратушы микробтарды ұзақ уақыт сақтайды. Мысалы оба ауруының бактериясы төменгі температурадағы суда 40 тәулікке дейін, топырақта 60 тәулікке дейін, ал бүрге мен кеміргіш жәндіктерде бірнеше айға дейін сақталады. Бактериологиялық ауру тері, көз, мұрын арқылы және уланған азық-түлік, су арқылы жұғады.