Балғын жас

lat: Balǵyn jas

Бүлдіршіндей толыспаған жас, балдырған. Балғын жас бала өмірім өте шықты, Ескі салт, әдет-ғұрып алдым торлап (Ақын жырлары). Балғындай жас Ұлықпан суретіне бәйге алды. Жас өнерпаз балаға Жұрт жиналып таңғалды (О.Шипин, Дастан.). Күмбірлеген көк өзен, Жағалауы көк шалғын. Ақ шатырда тыныққан Қызғалдақтай жас балғын (О.Шипин, Дастан.).