lat: Balas
з а т. 1. Теміржол шпалдарының арасына төгілген ұсақ тас немесе құм. Ең алдымен жол бойына 32 вагон балласт шығарсақ, 60-65 минутта түсіріп үлгірер ме екенбіз? (Ы.Тникин, Түрксиб). Балласт материалдары - ірілігі 20-70 мм ұсақталған тас жөне ірілігі 20-40 мм қиыршық тас (Қаз. тілі термин. Кен.).
2. Белгілі бір заттың ішіндегі керексіз, іске жарамсыз артығы. Көмірдің жанбайтын бөлімі көбінесе балласт (керексіз) деп аталады, өйткені бұлар көмірді химиялық жолмен өзгерткенде оған бөгет жасап, технологиялық қасиеттерін кемітеді (Хим. қолдану.). Көмірдің суы мен минералдық заттар (жанбайтын бөлімі) балласт деп те аталады (Хим. қолдану.).