Балды торт

lat: Baldy tort

жұмыртқаның сары уызы қантпен көпіршігенше езіледі. Оған қыздырылған бал мен бөлек пісірілген жұмыртқаның шайқалған ақ уызы тамшылатып құйылады, абайлай жаңғақ, ұн, дәмдеуштер мен майда жарма (манная) қосылады. Майланып, ұн себілген формаға қамыр аударылады. Баяу қыздырылған духовкада минут пісіріледі. Дайын тортқа глазурь құйылады. Глазурь үшін кеседен астам (2 1/4 ) қант пен жұмыртқаның ақ уызы қою көбіктенгенше бұлғанып, 3 ас қасық ром, 2 ас қасық ыстық су қосылады. Араластырып түйіршіктері салынады да қоюланғанша тағы қайнатылады.