lat: Balet bıshisi
Балетте өнер көрсететін адам.
Балет бишісінің тілі - денесі. Сахнада сәт сайын алмасып жататын сәтте, кабриоль, жете, сисон уверт, антуриан, сюрь ле ку де пье дегендей, көлденең адам атын айтуға да қиналатын сан түрлі күрделі қозғалыстардың баршасы - артистің қарапайым құралдары (С.Абдрахманов, Елдік сыны).
Балет бишілерінің негізгі әрі тұрақты тобы. ...Еліміздің ...атағын бірнеше рет алған спортшысы Татьяна Немекова солистка болмас бұрын төрт ай корда балетте болды («Лен. жас»).