БАЛЛАДА

lat: Ballada

(француз, ballada би әні)поэзия жанры, оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Орта ғасырлардағы француз поэзиясының ән үстінде айтылатын, махаббат тақырыбын жырлайтын оқиғалы жыры ретінде панда болған баллада кейінірек ағылшын, шотланд поэзиясына сіңісіп, жаңаша тұрпат иеленіп, халық әдебиетінің лиро-эпикалық әмбебап, шағын жанры болады. Еңдігі жерде б. өткеннің ерлік істерін, қыз бен жігіттің қайғылы махаббатын, аруақ, жын-шайтан араласқан үрейлі кептерді, т. б. жырға қосатын елгезек жанрға айналады. Б-ның жанр ретіндегі танымалдығының артқан уақыты романтизм кезеңіне дөп келеді. Халық аңыздарын, ертегі, мифтерді, т. б. өзек еткен Бернетің, Гетенің, Гейненің, Бюргердің, Шиллердің, Жуковскийдің, Пушкиннің балладалары әлем әдебиетінің алтын корына қосылады. Қазақ поэзиясында баллада жазу дәстүрі С. Ерубаевтан басталады. Кейін б. қазақ ақындары үшін де етене жанр болып кетті. Ж. Нәжімеденовтың, К. Мырзабековтың, М. ІІІахановтың осы жанрдағы шығармалары төл поэзиямызда балладаның біржо- ла орнығып, ұлттық сипат алғанын айғақтады. Доскенов Ғ.