БАРРИКАДА

lat: Barıkada

[франц. barricade] з а т. Көше ұрыстары кезінде қорғаныс ретінде жасалған тосқауыл, бөгет. Ілулі тұрған жарнамалардың бәрін жұлып лақтырдық, кез келген бөшкелерді көшеге домалатып алып шығып, баррикада жасадық (М.Қаратаев, Даладағы.). Баррикада ерте кезден-ақ халық көтерілістері мен шетел басқыншыларына қарсы күрестерде кең қолданылып келді (ҚСЭ). Әскерге қару-жарақ, қаржы жинау ісіне әйелдер белсене қатысты, барлаушылық міндет атқарды, медсестра болып істеді, баррикадалар құрды (Х.Сейіт- қазиева, Аялы жандар).