БАРОККО

lat: Baroko

тальян тілінде әшекейлі, астарлы деген мағынада)- европа мәдениетінде қайта өрлеу дәуірінен кейін XVI-ғасырдың аяқ кезінен бастап дамыған көркемдік стиль. XVIII-ғасырдың 80 жылдарына дейін Испания мен Италияда бүтін бір барокко стилінің дәуірі болды, барокко көркемөнердің барлық түрін қамтып, ғылыми, философиялық ой ағымына, мәдени өмір мен тұрмыстың әртүрлі қырларына әсер етті. Барокко термині әдебиетке ХІХ-ғасырдың ортасында келді. Барокко көпсырлы, көтеріңкі стиль. Бұған театрлық қасиет те, бұлдыр сағым мен фантастика да, ақиқат та тән. Барокко әсірелеу, астарлау тәсілдерін қолданып, сирек кездесетін тосын жағдайларға ұмтылғыш келеді. Барокко антикалық мифология мен христиандық символика әуендерін, саздарын араластырып жібереді, тұспалдауды шарттылықты дәріптейді. Көркемөнер салаларының өзара байланысын үстемелеуге тырысады, опера және балеттің дамуына ықпал етті. Барокко өмірді бейнелегенде бір-бірінен алшақ нәрселерді біріктіруге, күрделілікке және бей-жай қарапайымдылыққа айрықша мән береді. Барокко стиліне тән бейнелілік, көрнекілік, суреттілік, айшықты теңеу, әсірелеу, метафоралар қолдану сияқты ерекшеліктер әдебиетке де әсерін тигізді. Бұл стильдің сыр-сипатын жақсы білгең Ломоносов, Державин өз творчествосында оны ұтымды қолдана білді. Базарбаев М.