кітап, газет, журнал, орама өнімдері сияқты баспа-полиграфиялық өнімдерді арнайы басу қалыптарынан басып шығаруға арналған, полиграфия саласында қолданылатын жабдықтардың негізгі түрлерінің бірі. Басу машиналары басу (печатный) аппараттарынан, бояу беру аппараттарынан, қағаз беру құрылғыларынан, басылған өнімді шығару құрылғыларынан және тағы да басқа көптеген тетіктерден тұрады. Басу машиналарының тигельді, жазық басу және ротациялық түрлері болады.