Бас ауруы

lat: Bas aýrýy

Қан тамырларының қызметi бұзылғанда миға қанның дұрыс бармауы салдарынан бастың сырқырап, солқылдап, тырысып ауыруы.

Жынды, делбе, шекеқұрт, меңіреу, айналма, тентек, суми, көкми, тағы басқаларды қазақ емшілері бас аурулар қатарына жатқызады (Ж.Бабалықұлы, Мал ауру.).

Бас ауруы кейде ішкі секреция бездерінің бұзылуынан болады, ал әйелдерде етеккір кезінде және кексе әйелдердің етеккірі тоқтаған кезде байқалады (Шаңырақ).

Жапырағы мен гүлінің қайнатылған тұнбасын халықтық медицинада терлеу, зәр айдау үшiн пайдаланады. Сондай- ақ онымен түрлi жыныс ауруларын, Сүйектегi ісікті, бас ауруын, қышыманы емдеген (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).