Бас араздық

lat: Bas arazdyq

Өзара келіспеушілік, қырғиқабақтық, өшпенділік. Бұл елдің боқысы Тәкежан да жаман. Ол Оралбай мен Базаралыға бас араздық арқылы өш болғанмен, ұлыққа қарсы наразылық ашуды тоқтата алмады, - деп Ояз қорытынды шығарды (М. Әуезов). Менің сізбен ешқандай бас араздығым жоқ, айтсам жөнін айтам (М. Иманжанов).