Бас жарды

lat: Bas jardy

а) өсмдік дән жарды.

Жоңышқа, жусан, тарлауыт, бетеге сияқты жақсы шөптер бұл жақта кенжелеп пісіп, жаздың орта шенінде ғана бас жарып, хош иісін таратады (Ж.Жұмақанов, Үш бәйтерек).

Сүрлемге арнап қамысты жас кезінде, бас жарғанға шешіп жинап алу қажет (Н.Шоқанов, Ә.Седібеков, Сапалы Cүрлем.).

е) Басына жарақат түсірдi, зақымдады.

Бүгiн түнде Жақсыбайдың Әділі ауылын шауып, Үсеннің бас жарып, қарындасын тартып әкетіпті. Соған протокол жазғызып отыр. Өзгесі бітті. Сізді қол қоюга шақырдық (Ш.Кұдайбердиев, Шығ.).