баспаәріптің кеглінің, жуандығының, көлбеулігінің, қаралығының тағы басқа сипаттарының шартты түрде қысқаша белгіленуі. Мысалы, эдеби баспаәріпті (литературный шрифт) «Л» әрпімен, кәдімгі баспаәріпті (обыкновенный шрифт)-«0» әрпімен, курсив - көлбеу сызықшамен (/), ашық әріп - 1, қара әріп - 3, жуан әріп - 5, жіңішке әріп - 4, енді әріп- 6 цифрларымен белгіленеді. Баспаәріптің мөлшері әріптің соңынан дефис арқылы қойылады. Мұндай қысқаша белгілеу кезінде кеглі 10 әдеби ашық курсив (литературный курсив светлый, кегль 10) «Л/1-10» деген белгімен, ал кеспелтек енді кара петит (рубленый, широкий, жирный петит) - «Р65-8» деген белгімен өрнектеледі.