Баспахана қағазы

lat: Baspahana qaǵazy

баспаханалық басу формасын белгілі кітаптардың кітапшалар мен журналдардың бедерлі сыртқы бетін басуға арналған. Мемлекеттік жалпы одақтық стандарт баспахана қағазының төмендегідей өнеркәсіптік пішімдерін белгілеген: ролдік - 60, 70, 84, 90 сантиметр; флаттық (беттік)- 60x90, 70x90, 70x108, 84x108 сантиметр. Пайдалануына және техникалық көрсеткіштеріне қарай қағаз үш нөмірлі болып шығарылады: 1 - А, Б, В маркалары; 2 - А, Б маркалары және 3 қағаздар. Қағаздың (буылдыр және жылтыр) талшық құрамы мыналардан тұрады. 1 А маркасы - 100 % ақталған целлюлоза, Б маркасы - кемінде 80 % ақталған целлюлоза және 20 % сурет массасы, В маркасы - 100 % ақталған целлюлоза, 2 А маркасы - кемінде 50 % ақталған целлюлоза және 50 % сүрек массасы, Б маркасы - (тек жылтыр) кемінде 60 % ақталған целлюлоза және 40 % аспайтын ақталған сүрек массасы. 3 - кемінде 35 % ақталмаған целлюлоза және 65 % аспайтын сүрек массасы. 1 маркалы 1 шаршы метр қағаздың салмағы - 60 және 70 грамм, А маркасындағы 2 қағаздікі - 65 грамм. Б маркасынікі - 70 грамм, 3 қағаздікі - 63 грамм. 1970 жылдан бастап ролдік баспахана қағазының төмендегідей пішімдері игерілді: 60, 70, 75, 84, 90, 108 сантиметр және парақтық кагаздар 60x70, 60x84, 60x50, 60x108, 70x84, 70x90, 70x100, 70x108, 75x90, 84x90, 84x100 сантиметр.