lat: Basqarýshylyq ınfraqurylym
э к о н. Басқару процесін қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің, олардың бөлімдерінің жүйесі.
Басқарушылық инфрақұрылым түрлі институттарды (академияларды), кеңес беру формаларын, бизнес мектептерін, басқару проблемалары жөніндегі орталықтарды, кәсіпкерлер қауымдастықтарын, басқару саласын кадрлармен, ғылыми және практикалық талдамалармен, басқарудың жаңа нысандары мен әдістерін игерумен қамтамасыз ететін басқа да құрылымдарды қамтиды (Қаз. тілі термин. Экономика.).