lat: Basshylyq etti [qyldy].
Басқарды, жетекшілік етті.
Өйткені ол диқан кәсiбiмен айналыса жүрiп, егіншілік бригадасынабасшылық ете жүріп, мына Мат өзені бойының құнарлылығын, Қанды қарағай мен Қара оба адыры төңірегінің шұрайлылығын, Кеңес қырманы тұсындағы егінжайдың жомарттығын алғаш рет көрдi (М.Хасенов, Тың тарландары).
Басшылық қылып ұқтырса, тура жолға сілтесе, қазақ тартыншақ емес, елгезек халық қой (М.Дулатов, Шығ.).