lat: Basymdylyq rejımi
з а т. т е р м. 1. Бір заттың немесе құбылыстың басқаларына қарағанда үстемдігі, ерекше мәнділігі.
Бұл бас қосу бүкіл адамзат игілігі үшiн күресте бiрлiк, ынтымақ, достық муддесiнiң басымдылығын айқын көрсетті («Қаз. әдеб.»).
2. Басым болушылық, күштілік. Одан кейін алматылықтар мұз алаңында басымдылық көрсете бастады («Лен. жас»).
3. б и о л. Бір мезгіл кезеңінде жүйке орталықтары қызметінің интегралдық сипатын қамтамасыз ететін және адам мен жануарлардың мінез-құлықтарын мақсатқа сәйкестендіретін уақытша үстем рефлекторлық жүйе.
Басымдылық жүйке жүйесінің қызметінің жалпы негізі; ол басқа жүйке импульстерімен нығаяды және жүріп жатқан басқа рефлекстерді тежейді (Қаз. тілі термин. Биология).
4. Өктемдік. Олар түк көрмегендей сылаңдайтынын білесің бе? - деді ат шоқтықтаған айғырдай айқын басымдылықпен (Ғ.Оралбаев, Рауан).