lat: Basyp aldy
Жаулап алды, күштеп иемденді.
Қай жерде кен бар, қай кенді кім басып алайын деп жатыр, оны Тұрсынбай жаттап алғандай біледі (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).
Бұл ең жаксы жайылымдық жерлердің көпшілігін сол кезде патшаның отаршыл өкіметі тонап, басып алды (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов).
Арсыз жау бұл қалаларды басып алғанда кітапханаларды жойып, ондағы әдебиеттерді көшеге шашып тастаған еді (Н.Көшекбаев, Қарулас.).
Ол [Путин] олигархияландыруды болдырмас үшін мемлекеттік институттарды күшейтіп жатыр. Күйреу мен күйзелу кезінде Ресей экономикасының ең шұрайлы да құнарлы бөліктерін жұмыртқадай астына басып алған алпауыттардың жекелеген өкілдерімен күресуді көздеп отыр («Жас Алаш»).