lat: Bata berý.
э т н. Тілек айту мақсатында өзіндік рәсімі, шарты бойынша орындалатын қазақ халқының ежелден келе жатқан салт- дәстүрінің бірі .
Бата беру халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің өзіндік рәсімі, орындалу шарты болады (Бата-тілектер).
Үйлену салтында отқа май құйып, соған алақанын жылытып, жастарға бата беру дәстурі де әлі бар («Парасат»).
Бата берудiң де жалпыға ортақ өзіндік рәсімі мен шарты бар. Бата беру кезінде дәм-тұздың болуы шарт (Бата- тілектер).