lat: Batalón
з а т. е с к. 1. Бірнеше ротадан құралған жаяу әскер бөлімі.
Мұрат жұрттың алды орманға кіргенде батальонын іркіп, кейінде қалған взводты тосты (Т.Ахтанов, Каһарлы күн.).
Ұрыс қызу жүріп жатқан кезде, мені батальон командирі шақырды («Қаз. әдеб.»).
Панфилов дивизиясы - жүрегіндей,
Дүрсілдеп соққан жаудың үрейіндей,
Айрықша айқасты бір батальон,
Күндіз-түн кірпігін біреуі ілмей (Ғ.Қайырбеков,Көнсадақ).
2. Жаяу әскер, танк, инженерлік, механикаландырылған әскерлердің, байланыс әскерлерінің құрамындағы әскери-тактикалық бөлім немесе әскери құрама мен оперативтік бірлестік құрамындағы жеке бөлім. Қолдану мақсатына қарай батальон аэродромдық, қарауылдық, автомобильдік т.б. болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).