lat: Batalónnyı; qorǵanys aýdany.
ә с к. Батальонды күшейтетін құралдармен толықтырылған полк қорғаныс өңірінің бөлімі.
Батальон қорғаныс ауданы айнала қорғанысқа дайындалып, бір-бірімен атыс жүйесімен және кедергілерімен байланысқан роталық тірек пункттерінен тұрады (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Одан басқа батальон қорғаныс ауданында артиллерия, минаатарлар, танктер, зениттік құралдар және ату позициялары жабдықталады (Қаз. тілі термин. Әскери.).