Батарея

lat: Batareıa

артиллериядағы тактикалық-ұйымдық бөлім (артиллерия немесе миномет батареясы). Ол бірнеше взводтан құралады, Мақсатына қарай жағалау батареясы, дыбыс барлау батареясы, барлау батареясы, есептеу батареясының бөлінеді. Батарея Ресейде 1833 ж. пайда болған. Оған дейін бір позициядағы барлық зеңбіректер батарея құрамына енетін.