БАТАРЕЯ [франц. batterie]

lat: Batareıa [frans. batterie]

з а т. ә с к. 1. Артиллериядағы тактикалық-ұйымдық бөлім (артиллерия немесе минаатар батареясы).

Батарея бірнеше взводтан құралады (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Мақсатына қарай жағалау батареясы, дыбыс барлау батареясы, барлау батареясы, есептеу батареясына бөлінедіаз. тілі термин. Әскери.).

2. Артиллерияның бекініс орны. Подлесный батареяның атыс ұясына телефон соғып, бригададан бір маңызды бұйрық алғанын хабарлады (Ә.Нұрпейісов, Курляндия).

Бір күні таңертең біздібатареяның қасына сапқа тұрғызып қойып, тексеру жүргізе бастады (М.Қаратаев, Далада.).

3. Артиллерия бөлімшесі. Айтпақшы,әкелген фрицтеріміз жаудың зеңбірек батареясының адамы болып шықты (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).

Мені танкке қарсы ататын батареяның командирі етіп тағайындады (Б.Момышұлы, Жауынгер.).

Кешке бесінші батареяның басына полк командирі келді. Подполковник батарея жауынгерлеріне алғыс жариялады (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

Таймасов қызмет ететін батареяның командирі бетінің шешек дағы бар, шот маңдай, қортық капитан Бауыржанды көре сап сасқалақтап қалды (С.Бақбергенов, Қарға там.).