Базис, қондырма

lat: Bazıs, qondyrma

(base, superstructure). Марксизм теориясы бойынша, базис азық-түлік және тауарлар сияқты еңбек қатынастарында қара жұмыс күшін пайдалану арқылы өндірілетін қоғамның материалдық негізіне қатысты. Осы іргелі материалдық негіздің үстінде пайда болатын үкімет, әлеуметтік қатынастар, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет т.б. сияқты өмірдегі басқа да барлық институттық, жеке және мәдени формалар қондырмаға жатады.