көптеген омыртқасыздар мен омыртқалылардың эпителий қабаттарымен дəнекер ұлпасының аралығында жататын клеткасыз құрылымдар. Электронды микроскоп арқылы базалді мембрана материалы диаметрі 3–5 нм болатын филаменттерден немесе ұсақ түйіршіктен тұрады. Проколлагендерге ұқсас гликопротеиндер мен белоктардан тұрады. Базалді мембрананың түзілуіне эпителий жəне дəнекер ұлпалардың клеткалары қатынасуы мүмкін. Базалді мембрана тосқауылдық, трофикалық, сонымен қатар эпителий мен дəнекер ұлпалардың арасында механикалық байланыс қызметін атқарады.