Базарда мың кісі бар, Әркім сүйгеніне сәлем берер (мақал). Базар сөзі парсы тіліндегі баз — « қақпа » және ар (әр — «соңында, ар жағында, артында» деген дербес сөздерден құрылған. Бұрын базар орны бүгінгідей қаланың ішінде емес, қалаға кірер қақпаның алдында (сыртында) болған (Бартольд. К-ра мусульм., 30; Владимирцов. Монголика, 331; Н. К. Дмитриев. Бу адам, Л., 1928. 15; Skeat, Аn Еtuni. dict, 51). Сонымен, парсыша базар — «қақпаның алдындағы іс» деген сөз. Алғашқы кезде мұндай базарда тек қана тағамдар, көбінесе шығыс жақта өсетін жемістер, кейін тамақпен аралас киім-кешек, әйелдердің әшекейлері, асыл тастар т. б. нәрселер де сатылған. Қазір бұл сөз барлық түркі тілдерінде және орыс пен Европа тілдерінің көбінде (фр., нем., ағылш., исп., итал., чех, болғ., поляк, румын т. б.) кездеседі (Горяев. Ср. этим. сл. рус. яз. 9; Преображенский. Этим. сл. рус. яз., 12; Шанский. Кр. этим. сл. рус. яз. 26; Типа, 8еһіг..., 643). Бұл сөздің кеңінен таралуын кейбір ғалымдар әйгілі «Мың бір түн» ертегісімен байланыстырады. Бұдан басқа базар сөзі төркінінің тағы бір түсіндірмесі бар. Бұл пікір бойынша, базар сөзі түркі тілдерінде қолданылатын бай «мол» деген сөз бен сар деген қосымшадан біріккен дейді: бай +сар>басар>базар. Мұндағы -сар бір нәрсенің бар екенін, молдығын білдіретін, немесе көптік мағына үстейтін жұрнақ дейді де, бұған -сар/сер жалғанған басқа сөздерді мысалға келтіреді. Мысалы, татарша қомсар—«құмдақ», қулмақсар — «құлмақ өсетін жер», чувашша лапсар — «ойпат жер», киіксер — «киік мекендейтін жер», Чебоксары (қала аты) — «чебак атты балығы мол жер», (Золотницкий, Корнев. чув. рус. сл., 256) (Н. Ң.)