Бейімделу

lat: Beıimdelý

бөгде мәдениеттегi өмiрге бейімделу. Маңызды нәтижесі: қоршаған ортаға байланысты жеке немесе топтық санадағы тұрақты өзгерiстер. Адам өз мәдениетінің құндылықтарына қауіпті сезінбей, өзуақытша бөгде мәдениетке қатысты қолайлы жағдайда ұстай алады. Бейімделу кезеңі жүрiстұрыс үлгiлерінің және альтернативті коммуникативтік біліктіліктің дамуын талап етеді. Бейімделу эмпатиядан (ниет бiлдiру, көңiл ортақтығы) басталып, плюрализмнің қалыптасуымен аяқталады. Бейiмделудің үш түрі бар: психологиялық бейімделу, әлеуметтiк мәдени бейімделу және экономикалық бейімделу.