lat: Bekire tárizdiler.
з о о л. <лат. acipenseriformes> Сүйекті балықтардың шеміршекті- сүйекті балықтар табы тармағына жататын отряды.
Бекіре тәрізділер - мезозой эрасының пора кезеңінде пайда болған балықтардың ежелгі тобы. Олардың екі тұқымдасы (бекірелер, ескектұмсықтылар), 4 туысы, 25 түрі (оның ішінде Сырдария тасбекіресі, Арал бекіресі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген) бар (ҚҰЭ).
Бекіре тәрізділер Солтүстік Американың Миссисипи, Миссури өзендерінде, Еуропаның Азов, Қара, Каспий, Балтық теңіздерінің бөлігінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал, Балқаш алаптарында, Ертіс өзенінде таралған (ҚҰЭ).