lat: Bel tartýshy.
э т н. Әйелдің босануын тездетіп жеңілдету үшін бел тарту әдісін қолданушы (халық акушері).
Ол үшін бел тартушы адам әйелдің арқа жағынан отырып, сегіз көзден тізесімен сүйемелдей, белінен қаусыра құшақтап, арам шеміршектен төмен қарай сылай тартып, баланың тууын тездетеді (Х.Арғынбаев).