lat: Berılı [lat. beryllium]
з а т. х и м. Менделеевтің периодты жүйесінің II тобындағы жеңіл, ашық сұр түсті металл.
Ал топырақта немесе суда кадмий, никель, молибден, мырыш, марганец, ванадий, бериллий, теллур сияқты металдардың жиналуы барлық тіршілік иелері үшін қатерлі болуы ықтимал (Т.Қалыбеков, Экология.).
Реакция жүретін термоядролық реактордың ішкі қабаты - қабырғасы мыс пен берилийден жасалған пластинамен қапталады («Егемен Қазақстан»).
Өскемендегі бериллий өндіретін фабрикада алапат өрт шығып, әуеге бұрын-соңды болып көрмеген улы бұлт көтерілген, әлгі бұлт 300 шақырымға тарап, Қытай шекарасына дейін жеткен (С.Абдрахманов, Елдік сыны).