lat: Berıl [grek. beryllos]
з а т. м и н. х и м. Аса қымбат бағалы меруерт тастың бір түрі.
Бериллийдің таза кристалдары асыл тас ретінде қолданылады, ол түсіне, мөлдірлігіне және бөгде қоспаларға қарай нағыз берилл, жасыл тас (аквамарин), сары берилл (гелиодор), зумрет тас деп бөлінеді (Қ.Нұрымбетов, Метал. хим.).
Берилл ішіне хром тотығы араласса, жасыл түсті болады, ол түрін зүмрет тас (изумруд) деп, тағы бір түрін аквамарин деп атайды (Б.Бірімжанов, Хим. термин.).
Бериллий жаратылыста берилл түрінде кездеседі (Б.Бірімжанов, Хим. термин.).