Берішті клавулина

lat: Berishti klavýlına

б и о л. <лат. clavulina cartilaginea> Клавариялар тұқымдасына жататын саңырауқұлақ.

Берішті клавулина жемісінің биіктігі 4-5 см. Жоғары жағы кеңейген саусақ салалы цилиндр тәрізді, майда қыртыстары бар бұтақтардан, ал төменгі бөліміндегі аяқшасының ұзындыгы 0,5-4 см, ені 2-4 см (ҚҰЭ).

Жеуге жарамайды. Берішті клавулина өте сирек кездесетін саңырауқұлақ болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (ҚҰЭ).

Берішті клавулина діңгекшесі қысқа, жоғары жағы кеңейген майда қыртысты, құрғақ, сынғыш (Қаз. тілі термин. Биология).