Бертло сауыты

lat: Bertlo saýyty

ішкі жағы платинамен немесе кіреукемен қапталған, суға батырылған қалың қабырғалы болат сауыт. Оның ішіне қуаты зерттелетін затты салып, таза оттегін толтырады да, платина сымдары арқылы электр тоғын жіберіп жағады. Бөлінген жылу сауытты қоршаған суды жылытады. Калориметрдегі судың мөлшерін жəне оның жылу деңгейін білгеннен соң, жанған зат бөлген жылуды есептеп шағаруға болады.