lat: Bes anyq
Адамның белгілі бір ұлтқа тəн екендігін айқындайтын бес түрлі белгі (шарт).
Бес аныққа тіл, дін, дəстүр, тарих, атамекен жатады (М.Арын, Бес анық, 53). Біз əңгімелеген ұлттық сезімді білдіретін бес шарт немесе бес анық бір ғана ұлтқа байланысты айтылар əңгіме (Бұл да, 80). Бесанық – өз ұлтыңның өркениетті ұлт болып қалыптасуының Ережесі. Бес анық, яғни осы бес белгінің (тіл, дін, тарих, дəстүр, атамекен) игерілу дəрежесімен ұлттың да, адамның да рухани тұғырының биіктігі өлшенеді (Бұл да, 182).