Бесікке бөлеу

lat: Besikke bóleý

этн. Емшектегі баланы бесікке жатқызып, орап, құндақтап, шүмек салып, таңып, байлау.

Жә, баланы бесікке бөлеуді мақұлдадық. Қалай бөлеу туралы да ой жүгірттік. Енді тербетуге келейік (М.Жұмабаев, Шығ.).

- Рас-ау, үшеуі де - бір боз өкпе. Емізік әперіп, бұларды бесікке бөлеу ғана қалды, - деп арық, бойшаң қара қыз - Қамар сықылықтай күлді (Т.Қойшыманов, Қоңырат.).