Беткейдің шайылуы

lat: Betkeıdiń shaıylýy

сушар. Топырақтан жасалған имарат беткейлерінің су тасуы салдарынан бұзылуы.

Беткейдің шайылуы әсерінен каналдың арнасы кеңейіп, су тайызданады (Қаз. тілі термин. Су.).

Беткейдің шайылуын болдырмау үшін имарат беткейлері мен табаны бекітіліп, су жылдамдығы бұрынғы қалпына келтіріледі (Қаз. тілі термин. Су.).